Жарасбаев Серік Маратұлы 1984 жылы туған.
2006 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін дене шынықтыру мамандығы бойынша, ал 2009 жылы аталған университетті мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Ресей Халықаралық Олимпиада университетін спорттық әкімшілендіру мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің бокстан оқытушысы-жаттықтырушы, спорттан нұсқаушы-әдіскері болып бастады.
2007-2011 жылдар аралығында СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-спорттық әдістемелік бөлімінің бас маманы, оқу-спорттық әдістемелік бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.
2011-2012 жылдар аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті Білім, инновациялық технологиялар және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.
2012 жылы СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары аралығында — ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жазғы спорт түрлері басқармасының бастығы, Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры.
2014 жылдың қараша айынан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалған.