Басты бетЖаңалықтарШымкентте жаяу...

Шымкентте жаяу жүргіншілерді «Оятатын» жолақтар орнатылуда

Айта кетерлігі, бұл жолақтар қазірге тек шаһардағы Тәуке Хан көшесі мен Д.Қонаев даңғылының қилысындағы тұрғындар көп жүретін жолдарға орналасқан. Мақсаттары қала тұрғындарын жол ережелерін сақтауға шақырып, қауіпсіз қала құруға үлес қосу.

Тіпті, шымкенттік фейсбук әлеуметтік желісі қолданушылары өзінің жеке парақшасында бұл туралы видеобейнені жария етті. Әрі жол бойы назары смартфон сынды техникаларға бөлінген тұрғындарды «оятып» отыратындығын айтты.

«Осындай жаңалықты жасап шықтық. Бұл еліміз бойынша жалғыз Шымкентте ғана бар», — дейді жоба авторлары. Айтуынша, бұл пилоттық жоба болып, мұндай—жолақтар тек Прага, Берлин және Мәскеу қалаларында ғана орнатылған. Енді, алғаш болып Шымкентте пайдаланылып отыр.