Алғашқы көмек көрсету кезінде жіберілетін 10 қателік

Ең алдымен

  • Сізге ешқандай қауіптің төніп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
  • Зардап шегушінің тамырының соғуын, тыныс алуын, және көз қарашығының жарыққа әсер етіп-етпеуін (жарық түсірген жағдайда көз қарашығы кішірейеді) тексеріңіз.
©adme.ru

1. Қатты қансыраған кезде

Қансырап жатқан жерге бірден бұрау (жгут) салу — үлкен қателік!

Қан кету кезінде, оны тез арада тоқтату керек. Ең алдымен жараға жақын орналасқан күретамырды қатты қысып, оны стерильді майлықпен немесе бинтпен орап тастау қажет.

Бұрауды тек киімнің сыртынан ғана байлауға болатынын ұмытпаңыз. Оны жарақатталған жерге жақынырақ етіп байлау қажет.

  • Ескерту! Бұрау салғаннан соң, 1 сағаттан кейін оны 10-15 минутқа босатып қойыңыз. Кейін қайтадан байлап, жарты сағаттан соң шешіп тастаңыз.
©adme.ru

2. Мұрныңыздан қан кетсе

Басты артқа шалқайтуға болмайды!

Зардап шегушіні отырғызып, басын алға қарай еңкейтіңіз. Қанның толығымен ағып кетуін қадағалаңыз. Танауын 10 минут екі саусағыңызбен қысып тұрыңыз. Аузына қан толып қалған жағдайда, оны жұтпай, бірден түкіріп тастау қажет. Егерде қан асқазанға түсетін болса, жүрегін айнытуы мүмкін.

  • Ескерту! 15 минут ішінде қан тоқтамаған жағдайда, мұрынға тығын (тампон) салынады. Мұндай жағдайда дәрігерге көрінген жөн.
©adme.ru

3. Суық тиіп қалса

Қарға шомылу, вазелин жағу, ыстық ваннаға түсу, дене қызуын көтеру секілді жағдайларға жол бермеңіз!

Суықтап қалсаңыз, бірден жылы бөлмеге барып, оранып жатыңыз. Терлеген жағдайда, міндетті түрде киіміңізді ауыстырыңыз. Одан бөлек, уақытылы дұрыс тамақтанып, ыстық шәй ішкен дұрыс.

  • Ескерту! Сырқаттанып қалған адамға алкогольді ішімдік ішуге мүлдем болмайды. Алкогольді ішімдіктер қан тамырларын кеңейтіп, денеңіздің жылынуына мүмкіндік бермейді.
©adme.ru

4. Жүрек тоқтап қалса

Әр жастағы адамдарға әртүрлі көмек көрсетіледі!

Ересек адамдарға екі қолмен бірдей жүрегін жанамалай уқалау қажет. Қолдың екі саусағын мойынға қарай, бас бармағыңызды төменге қарай бағыттап, алақаныңызбен басыңыз. Келесі қолыңыздың алақанын, бірінші қолдың үстіне қойғанда, екі қолдың саусақтары да жоғары қарап тұруы тиіс. Осы тәртіппен жүректі уқалаңыз. Балаларға бір қолдың, ал нәрестелерге екі саусақтың да күші жеткілікті.

  • Ескерту! Зардап шегушіге уқалау әдістерін жасамас бұрын, оны шалқасынан, тегіс жерге жатқызу керек.
©adme.ru

5. Күйіп қалсаңыз

Күйіктің қабыршықтарын тесуден аулақ болыңыз.

Зардап шегуші отқа түсіп қалса, оны бірден жерге жатқызып, үстін басқа киіммен жабу (егерде киім отқа күймейтін матадан жасалған болса) арқылы отты өшіруге тырысыңыз. Ең дұрысы бірден көмекке өрт сөндіруші мен жедел жәрдемді шақырған жөн.

Қатты күйіп қалмаған жағдайда, жарақатталған жерді 20 минуттай судың астында ұстап тұру қажет. Күйіктің үстінен стерильді таңғыш байлап, үстінен мұз басыңыз.

  • Ескерту! Күйіп қалған адамға міндетті түрде тұздалған немесе минералды су беріңіз.
©adme.ru

6. Тыныс алу жолдарына немесе өңешке бөгде заттар тұрып қалса

Адам есінен танып қалған жағдайда оны көтеріп, Геймлих әдісін жасауға болмайды!

Бөгде затты тыныс жолдарынан шығару үшін алақанмен жауырынның жоғары жағынан қағып ұру керек. Зардап шегушіден аузына саусағын салып, құсуын талап етіңіз. Есінен танып қалса, жасанды тыныс алу жолдарын жасаңыз.

  • Ескерту! Өз бетіңізбен көмек көрсете алмаған жағдайда, бірден жедел жәрдем шақырыңыз.
©adme.ru

7. Буын шығып кетсе

Өз бетіңізбен буынды өз қалпына келтіру әдістерін жасауға болмайды!

Зардап шегушінің дәл қай жері зақымдалғанын анықтау үшін, рентген жасау қажет. Шығып кеткен жерді қатты қимылдатуға болмайды. Алғашқы көрсетілетін жәрдем: зақымданған жерді бинтпен немесе жұмсақ матадан жасалған таңғышпен қатты қыспай байлайды. Мұның өзі буынның қимылдамауын қамтамасыз етеді.

  • Ескерту! Таңғышты қатты байламаңыз. Ол қан айналым жүйесін бұзады.
©adme.ru

8. Уланып қалса

Көп су ішіңіз!

Асқазанды шаю үшін, кем дегенде 2-3 литр су ішу керек. Әр су ішкен сайын, аузыңызға саусағыңызды салып, құсу қажет. Өзіңізді жеңіл сезініп, асқазаныңыз толығымен босамағанға дейін бұл процедураны тоқтатпаңыз.

  • Ескерту! Есінен танып қалған адамға бұл процедураны жасауға болмайды.
©adme.ru

9. Жылан шағып алса

Шарасыз отырмаңыз!

Кешіктірмей аузыңызбен уды сорып тастау керек. Бұл әрекет 10-15 минут жүргізіледі. Зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қойыңыз. Қолын шақса, оны бүгіп, байлап қою қажет. Аяқты шаққан кезде, оны екінші аяғына бинтпен таңып тастаған жөн. Зардап шегушіге сусынды көп ішкізіңіз (шай, минерал немесе жай су). Ауруды басатын дәрі беріп, зардап шегушіні жатқан бойында емханаға жеткізу керек.

  • Ескерту! Шаққан жердің жоғарғы жағына бұрау қоюға, шаққан жерді күйдіруге, кесуге болмайды.
©adme.ru

10. Іштің төмен жағы ауырса

Үнемі ауруды басатын дәрі ішуден бас тартыңыз!

Мамандардың айтуынша, бір жеріміз ауырса, бірден ауруды басатын дәріге жүгінуіміз үлкен қауіп тудырады. Себебі ауруды тыныштандырып тастағаннан кейін, қауіпті аурулардың пайда болғанын білмей қалуыңыз мүмкін.

  • Ескерту! Бір жеріңіз қатты, шыдатпай ауыратын болса, бірден дәрігердің көмегіне жүгініңіз.
©adme.ru

Есте сақтаңыз! Кез келген қиын жағдайда бірден қажетті мамандардың көмегіне жүгініңіз.