Дегенмен, шаршы алаңда 49 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен Мейвезер былтыр кәсіпқой бокспен біржола қоштасатынын айтқан болатын.
Ал, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкин болса кіші Флойдты жекпе-жекке шақырып, кімнің мықты екенін рингте анықтап көруге ұсыныс жасап отыр. Бұл туралы ол The Ring тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеген.
— Флойд Мейвезер спорттан кетті. Алайда, ол сенің жекпе-жектеріңді көріп шыққанын айтты. Араға от салып тұр деп ойлама, бірақ Мейвезер сенімен кездесу оңай жұмыстардың бірі екенін мәлімдеді. Егер расымен оңай болса, неге екеуіңнің кездесуіңді ұйымдастырмасқа?
— Менің ойымша, бұл бос сөз ғана. Мейвезер, егер сен үшін менімен жекпе-жек расымен де оңай шаруа болатын болса, келіп көрсет қаншалықты оңай екенін. Менің сенің оңай шаруаңа дайынмын! — деді Головкин сұхбат барысында.
Естеріңізге салайық, Флойд Мейвезер де Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін бұған дейін айтқан болатын. Алайда, қазақстандық боксшы алдымен Андре Уордпен кездесіп, оны жеңуі тиіс деген талап қойды.