Басты бет / Жаңалықтар /
39275be2445e9a70342db8c219a02391 Биыл Балқаш қаласының жолы жөнделеді
©kazinform.kz

Биыл Балқаш қаласының жолы жөнделеді

Орташа жөндеу ағайынды Мусиндер, Амангелді, Әлімжанов, Металлургтер көшелерінде, М.Русаков атындағы шағын ауданда, сондай-ақ Қоңырат кентінің Горняцкая көшесінде жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға шамамен 400 млн теңге қажет болады. Ленин көшесінде 3 шақырым жол қабаты қайта қалпына келтіріледі.

Балқаш қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 300 млн теңге бөлінген. Тізімге Сейфуллин, Бөкейханов, Ленин, Молдағұлова, Қараменде би көшелеріндегі, С. Мұхамеджанов ықшам ауданы мен Чайковский тұйық көшесіне қарасты аулалар кірген. Сондай-ақ Қоңырат ықшам ауданында бірнеше алаңдар қалыпқа келтіріледі.

Айта кетейік, аулаларда орындықтар орнатылып, жаяужолдар мен жарықтандыру жүйесі жөнделеді. Сәбитова ықшам ауданында жаңа ойын алаңы пайда болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram

Мақалаға пікір қосыңыз