Қазақстандықтар несиені қандай қажеттіліктер үшін алады?

Қазақстандықтардың екінші деңгейлі банктерден несие алу көлемі 2017 жылы 12,4%-ға (501,2 млрд теңге), 4,5 трлн теңгеге артқан. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

Несие
Фото: Еgemen.kz

Жеке тұлғалардың тұтынушылық несиелерінің үлесі несиенің төрттен үш бөлігін құрайды. 2017 жылы мұндай несиелер көлемі 15,3 пайызға (386,2 млрд теңгеге) артқан. Ал тұрғын үй несиелері алынған несиелердің 24,1 пайызын құрайды. 2017 жылы тұрғын үй несиелері 11,5%-ға өсіп (113,2 млрд теңге) 1,1 трлн теңгеге жеткен.

Автокөлікті несиеге алу мен басқа да мақсаттарға арналған несиелер 11,6%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2017 жылы 13%-ды құраған еді.

Қазақстан Республикасы бойынша Алматылықтар несиенің 80 пайызын тұтынушылық қажеттіліктерге (тұрмыстық техника, жиһаздар, демалыс, үйлену тойына, тауар сатып алуға, бөліп төлеу, несие карталарына) алған. Мұндай несие көлемі бір жылда 23%-ға (22,8 млрд теңгеге) өскен.

Қызылорда облысында жеке азаматтардың несие алуы 76,2 пайызды құраған. Қызылордалықтар бір жылда 105,2 млрд теңге несие алған.

Үшінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Облыста несие алу бойынша өсім 18,2%-ға (30,5 млрд теңге) артқан.

Несие алудан ең төменгі көрсеткіш Астана қаласына тиесілі.