«Қазір Әбу-Дабиде тұратын Сайора Шотпақова GEMS Education білім қорынан корольдік грант иеленген мектебіндегі жалғыз қыз. БАӘ тұңғыш президентінің жұбайы Фатима бинт Мүбарак атындағы грант бір жыл тегін оқуға мүмкіндік береді», — деп жазады ВКонтактедегі «За тебя, Баке!» тобы.
Білім грантын БАӘ мәдениет және білімді дамыту министрі шейх Нахайян ибн Мубарак Аль Нахайян табыс етті.