Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 2020...

Қазақстанда 2020 жылы «нөлінші сынып» енгізіледі

Министр «Нөлінші» сыныпты 2019 жылы емес, 2020 жылы енгізуді жоспарлап отырғандығын айтады.

«Нөлінші» сынып – бұл негізінен мектепалды дайындықтың қазіргі жүйесі. Оның мәні – мектепалды дайындық сыныбының балаларына арналған бірыңғай бағдарлама құру. Аталған дайындықты балабақшада және мектепте де өтуге болады», — дейді Ерлан Сағадиев.

Оның айтуынша, мектепалды дайындықпен қазақстандық балалардың 80%-ы қамтылған. Министрліктің міндеті – бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу. Себебі барлық мектеп жасына дейінгі балалар 1 сыныпқа барар алдында бір деңгейдегі дайындықта болуы керек.