Басты бет Жаңалықтар 2018 жылы енгізілетін оқулықтар жарияланды

2018 жылы енгізілетін оқулықтар жарияланды

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында 2018-2019 оқу жылы қолданысқа енгізілетін оқулықтардың алдын ала нұсқасы жарияланды.

©Dreamstime.com

«ҚР БҒМ «Оқулық» РҒП орталығы қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6 және 8 сыныпқа арналған оқулықтардың «Қоғамдық бағалау» порталына орналастырылғанын хабарлайды», делінген таратылған ақпаратта.

«Қоғамдық бағалау» порталы оқулықтар сапасы бойынша ата-аналар мен педагогтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған.

Келіп түскен сын-ескертпелер, сондай-ақ кітаптардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты ұсыныстар оларды өңдеу кезінде назарға алынады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version