Басты бетЖаңалықтарБауыр аурулары...

Бауыр аурулары қаншалықты қауіпті?

Бауыр адам ағзасында зат алмасу үдерісіне қатысады. Ересек адамдардағы бауырдың орташа салмағы 1,5-2 килограмм болады.

Бауырдың қандай маңызы бар?

Лимфа түзілуінде, қан ұюын реттеуде де бауырдың атқаратын қызметі зор. Бауыр қанның тұрақты құрамының сақталуына да қатысады. Қанмен келген амин қышқылдарынан бауырда белоктар, глюкоза, фруктоза, глицирин, май қышқылы түзіліп, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу үдерістері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүрсе, оны жүйке жүйесі мен түрлі гармондар реттеп отырады.

©KazMedic.kz

Бауыр  ластанған кезде ыдырау өнімдері буындардың, терінің, тамырлардың және тағы да басқа дені сау мүшелердің тіндеріне жинақтала бастайды да ауру туғызады.  Бауырдың кез-келген зақымдануы әдетте шлактанудан бастап елеулі ауруларға дейін симптомдарсыз (әсерсіз) ағымда болады.

Бауыр циррозының белгілері қалай білінеді?

Бауырдың ісінуі тосын және созылмалы болады. Бауыр тосыннан ісінгенде адам түшкіргенде, жөтелгенде қатты шаншып ауырады да несеп күреңденеді. Бауыры тосыннан ісінген адам көбінесе шөп түстес құсады, қызуы көтеріледі, жүзі сарғайып, қанның іруінің ауыр жағдайына ұшырай бастайды. Бауырдың тосыннан ісінгн кезде дәрігерге қаралу қажет.

Бауыр созылмалы ісінгенде жоғарыдағы құбылыстар анағұрлым баяу, қауіп-қатері төмендеу болады. Жалпы, бауыр ауруының белгілері – жұмыстан қажып-шаршау, ұйқышылдық, ауызға кермек дәмнің келуі, көкіректің қыжылдауы, бауыр төңірегінің ауыр тартуы.

©KazMedic.kz

Бауырдың шлактанғанын көрсететін алғашқы белгілері: жиі бас ауруы, түндегі ұйқысыздық, күндізгі ұйқышылдық, майлы, ащы немесе қалбыр-ланған ас ішкеннен кейін оң жақ қабырғаның астындағы тартатын әлсіз ауырсыну, тәбетсіздік.

Бауыр созылмалы ісінгенде оң жақ қабырғаның астыңғы жағына қайнатылып, жұмсарған картопты басқан дұрыс. Мұндай жағдайға душар болғанда майлы тағамдарды, қантты, крахмалды заттарды аз жеп, диета ұстаған дұрыс. Бұл дерттен толық айыққанша асбұршақты, фасоль мен боб тағамдарын, қырыққабатты, маринадталған және қуырылған тамақты мүлдем жемеу керек.

Бауыр ауруының алдын алу үшін…

Бауырға пайдалы жеміс-жидек, тағамдар көп. Солардың ішінде төмендегі тағамдар бауыр ауруларының алдын алуға немесе қайта емдеуге көмектеседі.

©Green-Color.ru

Шомыр (редька)

Адам бауыр циррозымен ауырғанда оған әртүрлі дәрі-дәрмектердің шипа болмауы мүмкін. Мұндай жағдайда халық медицинасы шомырды емге қолдануға кеңес береді. Өйткені, бауыр циррозы мен холесциститке (өт жолы кеселі) кәдімгі шомыр пайдалы. Ол өт пен асқазан шырынының бөлінуін реттеп, ас қорытуды дұрыстайды.Алайда, жүрегі мен ұлтабары ауырып, асқазанда жоғары қышқылды гастриті, жарасы барларға жақпайды.

Бал

Балды әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек тұтынады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде шомырдың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш-төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шай қасықпен күніне 2-3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйрекке құм, тас жиналудан сақтайды.

©umbrellasonthebeach.com

Грек жаңғағы

Ежелден бері оны халық медицинасында аурулардың кең көлемін, әсіресе, асқазан-ішек тракты мен бауырдың ауруларын емдеу, алдын алу үшін грек жаңғағы қолданып келеді. Грек жаңғағы жалпы нығайтқыш, қабынысқа қарсы, жара бітіргіш, бактерицидтік және қан тазартқыш сипаттарға ие. Өт айдағыш әсері бар, бауырды патологиялық әсерлерден қорғауды қамтамасыз етеді. Грек жаңғағы асқазан спазмдары мен бауыр шаншуларын жақсы басады.