Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында...

Ақмола облысында комбайн құрастылымақ

Ақмола облысында 2017 жылы қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесі 80% болып, республика бойынша облыс 4-орынға шықты.

Есептік кездесуде Мәлік Мырзалин облыстың индустрияландыру секторында қол жеткен жетістіктеріне тоқталды. Оның сөзінше, облыс индустриясының локомотиві саналатын «ЕПК-Степногор» АҚ, «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, «Қазақалтын» концерні, «ЕНКИ» кірпіш зауыттарында өсім динамикасы байқалды. Қазіргі кезде өндіріс көлемін ұлғайту бойынша шаралар одан әрі жалғасып жатыр.

«КамАЗ-Инжиниринг» АҚ 900 астам жүк көлігін шығарып, өндіріс көлемін 40 пайызға ұлғайтты. Целиноград ауданында 3 жыл бұрын ашылған лифті жіне экскаватор шығаратын «Sky Express Elevator KZ» ЖШС ЭКСПО көрмесінде 85 көтергіш ұсынды. Ал, «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС халықаралық деңгейге шығып отыр. Елбасының Америка Құрама Штаттарына ресми сапары аясында аталған ұйым американдық «AmityTechnology» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ жақында «Каик» ЖШС мен «Ростсельмаш» ААҚ (РФ) арасында Buhler маркалы тракторлар құрастыру бойынша лицензиялық келісімге қол қойылатын болады», — деді облыс Мәлік Мырзалин.

Облыс әкімі Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрінің және беларусь компаниялары өкілдерінің ресми сапары шеңберінде «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорация» ЖШС базасында бірқатар ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалардың модельдік қатарын ұлғайту туралы келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті.

«Биылғы жылы 1800 бірлік техника құрастыру көзделіп отыр. Келешекте, Көкшетау қаласында «Eurasian Group Kazakhstan» ЖШС сервистік орталығында John Deer комбайндарын құрастыру жоспарда бар», -деді ол

ДереккөзInform.kz