Басты бет Жаңалықтар ШҚО-ның 95 ауылында су құбырлары жаңартылады

ШҚО-ның 95 ауылында су құбырлары жаңартылады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов ел алдында есеп беру кезінде, өңірдегі ауылдарды ауызсумен қамтуға алдағы үш жылда 136,6 млрд теңге бөлінетінін мәлімдеді.

Көрнекі сурет

«2017-2020 жылдар аралығында 136,6 млрд. теңгеге 95 ауылда су құбырының жаңа құрылысы жоспарлануда. Бұл ауылдардағы орталықтандырылған сумен жабдықтау деңгейін 61%-ға жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша облыс халқының 84 пайызы ауызсумен қамтылатын болады, — деді Даниал Ахметов.

Өңір басшысының айтуынша, халықты ауызсумен қамту ісіне бұрын-соңды мұндай дейгейде көңіл бөлінбеген.

«Ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін өткен жылы 14,1 млрд. теңгенің 51 жобасы жүзеге асты. Соның 34-і кестеге сай аяқталып, 21 ауылда 17 мың адам орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қол жеткізді» — деді әкім.

Биыл 13,7 млрд теңгенің 37 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның 20-сы жыл аяғына дейін бітуі тиіс. Соның арқасында 14 мың адам тұратын 11 ауыл толықтай сумен қамтылмақ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version