Даниал Ахметов облыстағы 74 дәрігерге қызметтік баспана беруді тапсырды

Бүгін Өскеменде өткен жиында аймақ басшысы Даниал Ахметов 74 маманды жыл аяғына дейін қызметтік баспанамен қамтуды тапсырды.

Көрнекі сурет

Өңірде медицина мамандарының тапшылығы мәселесі әлі де толық шешімін таппай отыр. Әсіресе акушер-гинеколог, невролог, трансфузиолог, психиатр, фтизиатр, реаниматолог және анестезиолог секілді қызметкерлерге зәрулік байқалады.

«Қай қалада, қай ауданда мамандардың жетіспеушілігі барын анықтау қажет. Бұл мәселені тез арада шешпесе болмайды», – деді облыс әкімі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинованың айтуынша, былтыр облысқа 127 дәрігер қажет болса, биыл бұл көрсеткіш біршама төмендеп, дәл қазіргі уақытта 74 ақ халаттының орны бос тұрған көрінеді.

Қазіргі уақытта Өскеменде медицина қызметкерлеріне арналған 70 пәтерлі жатақхана құрылысы салынып жатыр. Ғимарат сәуір айында қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version