«2017-2020 жылдар аралығында 136,6 млрд. теңгеге 95 ауылда су құбырының жаңа құрылысы жоспарлануда. Бұл ауылдардағы орталықтандырылған сумен жабдықтау деңгейін 61%-ға жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша облыс халқының 84 пайызы ауызсумен қамтылатын болады, — деді Даниал Ахметов.
Өңір басшысының айтуынша, халықты ауызсумен қамту ісіне бұрын-соңды мұндай дейгейде көңіл бөлінбеген.
«Ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін өткен жылы 14,1 млрд. теңгенің 51 жобасы жүзеге асты. Соның 34-і кестеге сай аяқталып, 21 ауылда 17 мың адам орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қол жеткізді» — деді әкім.
Биыл 13,7 млрд теңгенің 37 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның 20-сы жыл аяғына дейін бітуі тиіс. Соның арқасында 14 мың адам тұратын 11 ауыл толықтай сумен қамтылмақ.