Басты бетЖаңалықтарЕңбекшіқазақ ауданының...

Еңбекшіқазақ ауданының өнеркәсіп саласы қалай дамып жатыр?

«Ауданымыздың Республикаға белгілі «ФудМастер», «Адал», «Голдпродукт», «Есік жеміс консервілеу зауыты» компаниялары сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар өндірісті жаңғырту есебінен өнімдер көлемінің өсуін қамтамасыз етіп отыр», — дейді Б.Ысқақ.

Сондай-ақ, ауданда олардың қатарына өткен жылы жаңа зауыттар іске қосылды. Олар: Ақши ауылдық округінде жоңышқа өңдеу зауыты, Байтерек ауылдық округінде майлықтар мен дәретхана қағаздарын өндіру зауыты, Шелек ауылдық округінде ет өңдеу комбинаты, Масақ ауылдық округінде ірі құс фабрикасының құрылысы аяқталуда.

Аудан әкімі ағымдағы жылға өнеркәсіп саласы бойынша жоспарланған жұмыстарымен де бөлісті.

«Биылғы жылы біз сояны өңдеу зауытының құрылысын Қырбалтабай ауылдық округінде бастамақпыз. Инвестор «ЖШС Бесмит», жоба құны 700 миллион теңге. Одан бөлек Саймасай ауылдық округінде құс фабрикасын саламыз. Ол инвестор «ЖШС Ассорти ранчо», жобаның құны 300 миллион теңге», — деді ол.

Өткен жылы Масак ауылдық округінде энергияны дамыту мақсатында қуаты 4,5 МВт болатын бірінші жел электр станциясы салынып, оған 2 млрд.600 млн.теңге инвестиция тартылған екен. Түрген өзенінде 1,4 МВт қуаттылығы бар бірінші гидроэлектростанция салынды. Инвестиция көлемі 300 млн.теңгені құрады.