Əлі де жындыxанадан шыға алмай жүрген қыз тележүргізуші Жанат Бақытқа жан айқаймен хат жазды. Аталған хатты түпнұсқасында назарларыңызға ұсынып отырмыз.
— Сәлеметсіздер ме! Мен — Маржан Тұрлыбаева, әлі Түркістандағы индомда сот шешімін күтіп жатырмын. Жақында Алматыда бір ай тексеруден өтіп келдім. Ол жақта әйтеуір «әділдік» бар екен, дәрігерлер «сен сияқты сап-сау қыз не істеп жүр мұнда?» деп таң қалды. Түгелдей тексеріп, көз жеткізу үшін қитұрқы сұрақтар қойып, әдейі ашуландыруға тырысты, бірақ берілмедім. Құдай оңдап, «жақсы шешім» шығарды. «Мінезінде тұрақсыздық бар» деп жазған да болар, мінезімнің аздап қызбалау екенін білем, бірақ ол туабітті мінезім (сол қызба мінез үшін жындыxанаға жаба берсе, әлемде адам қалмас).
Алматыдан шыққасын, Түркістанға аяғым тартпаса да, амал жоқ келдім. Бірақ содан бері 2 айдай уақыт өтті. Бұл жақтағылар не істерлерін білмей әлі жүр, менің сау екенімді растайтын құжат берейін десе, көп адам жылы орнымыздан қоштасамыз деп қорқады, «жынды» дейін десе, саумын, әрі Алматының қорытындысы бар. Шулы істен судялар да ат-тондарын ала қашып, жиі ауысады. Осылайша, босайтын күнімді күтіп отырғанымда, бүгін Түркістан прокуратурасының мынадай ақпаратын оқып, егіліп тұрып жыладым. Жаралы жүрегімді ол жерде отырған пенделер одан әрі тырнады. Прокуратура білем, «отчет дейді», «очко дейді», соларды жинау үшін басы бар, аяғы жоқ мәлімдеме бере салады. Бірақ менің ішкі жан дүниемді ойлап отырған біреуі жоқ!
Адамдар, қатыгезсіңдер! «Маржан Тұрлыбаеваға қатысты қылмыстық іс жабылды!» деп жерден жеті қоян тапқандай жар салыпты! Сонда 8 жыл бойы тартқан азабым, көз жасым қайда қалды? Әрине, сендер үшін детдомның балалары — мусор ғой тастай салатын. Біздің көз жасымыз сендерге түк емес! Тек арттарыңды ғана ойлайсыңдар! Бірдеме болса «Құдайдың алдында жауап береді» дейсіңдер, мен айтар ем, маған істеген істері үшін, әр азапты күнім үшін ЖАУАП БЕРЕТІНДЕР ОСЫ ӨМІРДЕ ДЕ ЖАЗАСЫН АЛСЫН! Ана өмірде де жауап берсін…
Шалқып жүрсіңдер, адамдар. Мына жақта 8 жыл емес, 8 сағат отыра алмас едіңдер. Өңкей ақылы ауысқан адамдардың ортасында… Мені орындарыңа қойыңдаршы, туғаннан шешелерің тастап кетеді, ананың жылуын сезбей, жетімxанада жылап өстім. Сөйтіп жүргенде он жасымда бір әйел кеп «анаңмын» деп әкетіп, үйіне апарып көрсетпегенді көрсетеді, ақыры менен құтылу үшін жындыxанаға жауып тынды. Тірі әкемді «әкең жындыxанада өлген, сен де сөйтесің» деді. Әкем тірі болса, өлді деген справка жасатқан ба? Ол да сатыла ма? Масқара.
Менің қазіргі туалетке тасталып жатқан баладан еш айырмашылығым жоқ қой сонда?! Ол әйел мені шығармас үшін жыласа да, сықтаса да, бәрін істеп жүрген болар, оны жақсы білем. Ана жүрегі жылымаса да, ар алдында өз-өзінен ұялмай ма? Құдайдан қорықпай ма? Он тоғыз жылым осындай азаппен өтті. Алты-ақ сынып білімім бар, маған әлі аттестат алу керек, оқу керек, тұрмыс құру керек. Уақыт деген зулап өтіп жатыр. Ал Шымкенттегі «артын» ойлағандар бір-біріне сілтеп, істі жүргізуге, мені босатуға асығар емес!
Өтінем сіздерден, осы іс әділ шешімін табу үшін қоғам болып көмектесіңіздерші. Адвокат, судяларды, өзімді «Айтуға оңайға» шақырыңыздаршы. Бүгін ашу үстінде аудиожазба жіберіп отырмын Жанат әпкеге. Мені түсінесіздер деп ойлаймын.
Бул не маскара жетымды жылаткандар,Сендер АЙУАН АРСЫЗ адамсындар,Когамымызда мундай адамдар калай беттеры булк етпей тыры жур екен,Тозактын отына жанарсындар,Жетымды жылатпайк деген соз бар емеспа КАЗАХТА,
Қазақ қалай оңсын мынадай қаскөйлер тұрғанда
Маржан сизге катты жаным ашып тұр. Сумдык жагдай. Мына адамдар не болып барады О, Аллам?
Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді деген сөз бар емес пе қазақта. Ағайын! Періште қыздың мәселесін шешу керек қой! Бұл қалай болғаны???
Ешбір адам және ешбір нәрсе бұл дүниеде және о дүниеде де жауапсыз жазасыз қалмайды қорықпаңдар да асықпандар!!
Осы қарындастын жағдайының анық-қанығын білу керек
Колдарынан келсе комек бериндер
Не деген катигез адамдар
Адамдар хайуннан жаман өйткені хайуан адамнан артық
8 жыл бұрынғы былықты қайта ашу керек! Бәрімізде қыз тәрбиелеп отырмыз. Біз аналар көзіміз кетсе балаларымыз осындай қорлықтың құрбаны болмасына кім кепіл?
Барлық аналарды осы былықтың бетін аштыруға шақырамын!
Бірақ Маржанды шығарып алу қажет. Оған қорған болу керек. Сара апамыздың көмегі қажет. Жоғарыда ел тізгінін ұстап отырған осы іске бас көз боларлық жауапты азаматтарымыз қайда жүр? Қызды шырылдатып қойып.
шыгыпты дегег сиякты едиго
Бала құқығын қорғау департаменті не істеп жүр? Қызық
Ей ,казагымай жат елдин балдарын кандасымыз,жерлесимиз дейсиндер ,уй жай берип бауырларына басасындар,ал оз казагын азап тартып шырылдап комек сураса бирине иман берип комектесе алмайсындар ар-намыстарын кайда
Алилдик кайда намаз окитын ер азаматтарымыз кайда неге жиналып бир нарсе колданбаска калайша бул ис прещидентимиздин кулагына жетпей жатыр кишкентай кызды арашалап алатын бир адам болмаганыма мына тири адамды жылататын ис гой не деген сумдык адам бузылдыма? заман бузылдыма тусинбей калдым????
Заман емес адамдарау не озгерди ниетпе сонда казак кызы неге жазыксыз жылайды комек корсетер Нур Отаны кайда баскада билик кайда неге унсиз отыр мейли катыгез еки аяктылар Алла бар Аллага аманат жазасын Алла береди
АЛЛА жар болсын! қызға қатты жаным ашийді, көмек тесетін адам болсагой ????????????
Карга карганын козин шукымайды.Шымкенттик биликтин улы устанымы да осы болса керек. БАР КАЗАК БИРИГИП, БИР КЫЗДЫН ТАГДЫРЫН ШЕШЕ АЛМАЙ ОТЫРГАНЫ ….БУЛ ЖАНАЙКАЙГА ЖОГАРЫ ЖАКТЫН АСА МАН БЕРЕ КОЙМАУЫНДА
Өмірде неше түрлі сұмдықты естіп жүрміз.Бірақ мынадай сұмдықты жасағандар адам емес,оларда жүрек жоқ.Барлығын шетінен құрту керек.Билік басындағылар жанайқайды естіп қалай шыдап отыр.
Бұл мәселе халық қалауларының құлағына жетсе ғана шешімін табар деп сенем
Маржанның хатын оқып отырып,мен қорқынышты,шетел киносын көріп отырғандай болып отырмын.Біздің Тәуелсіз Қазақс
Маржанның хатын оқып отырып,мен шетелдің қорқынышты киносын көріп отырғандаймын.Біздің Тәуелсіз Қазақстанда бишара қызға ешкім қорған бола алмағаны ма?Халқым ау,не болып кеткен мына заман?Жетімін жылатпаған қазағым қазағым қайда?Жоғарыда отырған ел қалаулылары қайда қарап отыр?Сіздерді ел мұңын тыңдасын,мұқтаж болса,қол ұшын созсын деп тағайындады емеспе.
Жазықсыз адам әрқашанда өзінің жазықсыз екенін дәлелдей алады. Дей тұрғанмен басшылар не қарап отыр. Жамандық пен жақсылықты әлі ажырата алмаған кінәсіз қызды, зорлықпен жындыханада ұстаулары не себеп? Жетім қыздың көз жасы жібермейді демекші, кінәлі адамдардың бұл өмірде болмаса да, ол өмірде өз зардаптарын тартатындарын және алланың барын ұмытқан-ау шамасы.
Өкінішті-ақ қолым байлаулы.)????????
Жазықсыз адам әрқашанда өзінің жазықсыз екенін дәлелдей алады. Дей тұрғанмен басшылар не қарап отыр. Жамандық пен жақсылықты әлі ажырата алмаған кінәсіз қызды, зорлықпен жындыханада ұстаулары не себеп? Жетім қыздың көз жасы жібермейді демекші, кінәлі адамдардың бұл өмірде болмаса да, ол өмірде өз зардаптарын тартатындарын және алланың барын ұмытқан-ау шамасы.
Дені сау қызды қамағанша, Қазақстанда қаншама жындылар кезіп жүр солармен айналыспай ма оданда не сұмдық мынау жас қыздың оміріне балта шауып. Бздің жоғарыда отырғандар не қарап отыр әділет қайда???
Маржан хатын оқып отырып ойландыратын бираз жайт бар екен. Бұл жерде анығы өгей анан ақша берген не озин ози усынган . Сол себепти казирги заманда қазақстан да ешуакытта әділ шешім қабылданбаған бари ақша ға құмартып кеткен. Президентіміз біле тұра шалқайып өмір сүреді Қазақстанда дүниеге келгениме өкінем кейде. Біз сүмелек халықпыз гоой
Огей анасы акша тыгып жындыханага каматып отыр гой, жетим кыздын аке -шешесин таныса значить огей анасы ала алмаган теги бар шыгар .Сосын еси дурыс Маржанмен оштесип алган гой.Неге мундай адамга комек -колын созатындай бир адам жок, аянышты …..
точно бұл жерде кек бар сияқты қыз арқылы өш алу болып тұр…
Мынау маскара гой дени сау адамды куртып бунын бари акшанын кози болып тур.Ана даригерлер не карап отыр.Аянышты екен
Жаңадан сайланған облыстық маслихат демутаттары қане өздеріңді көрсетіңдер. Мына қаршадай жазықсыз қыздың жан-айқайына құлақ асыңдар. Уәкілетті огандарға ықпал етіп шығарып алыңдар
Жаңадан сайланған облыстық маслихат демутаттары қане өздеріңді көрсетіңдер. Мына қаршадай жазықсыз қыздың жан-айқайына құлақ асыңдар. Уәкілетті огандарға ықпал етіп шығарып алыңдар
Не деген сумдык сау адамды жындыга шыгару деген барып турган акмактык жогарыдагылар кайда карап отыр
ужас
Bul balaga kyanat jaslgan bilik jane ukumiet tarapinan solar jauapka tartilip tiyisti jazalarini alu kerek.
31 арнадан көрсетсе болар еді.жаным ашып отыр мына қызға.қазақ десе өзіңе тиеді..билікте отырғандар ай қарап жүрма,жұлдыз санап жүрма?
не деген бассыздык колында дени сау деген кагазы бар неге босатпайды Ау депутат мырзалар кулак кайда коз кайда неге комектеспейсиздер каршадай кызга
Тикелей эфирге звондап айту керек
Кандай окыништы быздын елде осындай сумдыкдыктар болар деп сыра ойламаган екенмын Йа Жараткан иыем Маржанга озын жар бола кор сенын кудретын шексыз.
Сумдыккой мынау.бари кайда карап жур.каршадай кызды жылатып койып.жогарыдагылар бирдене истесендерши майлы орындарында боска отыра бермей.
Маскарагой бул деген Недеген сумдык журналистер окыган болар биреуи араласатын шыгар деп умиттенем
Жіберсин тексерип
Дени сау болса ақыл оий дурыс болса медециналық сараптамада отсін әділ болаик
Айналайын бауырым-ау, зарығумен откен бала омириннин қайғыға толы жас омирине жалгасканына катты киналып отырмын. Жалгыздын уни шыкпас болып отырсын-ау?… Кайда биздин ұлтжанды азаматтарымыз? Каракоз казак кызы осындай жанайкаймен шакырып жатканда неге кол ушын созар казак табылмай жатыр….Аттен тоннын келтеси-ай… Маржан, сен неге Нуротанга хат жолдамадын жаным?
адами касиет кайда кеткен,жетим корсең жебей жүр деген қазақтың қанатты сөзи қайда