«Астана» велошабандоздары бүгін жарысқа шығады

БАӘ-дегі «Абу-Даби Тур» Әлемдік Тур көпкүндігі таяу шығыс турнесі деген атпен үшінші жарыс аптасын ашты. Велошабандоздар Мадинат Зайед кешенінен Аднок мектебіне дейін 189 шақырымды жүріп өтті.

Алғашқы кезеңнің жеңімпазы болып Еуропа чемпионы Александр Кристофф танылды. Одан кейінгі кезекте италиялық Андреа Гвардини мен автралиялық Калеб Юен тұр. «Астана» құрамында өнер көрсеткен Риккардо Миннали 22-ші сатыдан көрінді.

«Абу-Даби Тур» көпкүндігі «Астана» командасы үшін «Джиро д’Италия» жарысына дайындалуға мүмкіндік беретін сынақ алаңы болмақ.

Айта кетейік, «Астана» командасының құрамында Минналиден басқа Пельо Бильбао, Дарио Катальдо, Йеспер Хансен, Мигель Анхель Лопес, Давид Виллелла және Андрей Зейц сияқты спортшылар бар. Бүгін 154 шақырымдық жазықтағы жарыс өтеді.

ДереккөзInform.kz