Алты жасар Мұхаммедті ұрлап кеткен әйел Алматыға психиатриялық сараптамаға жіберілді

Оңтүстікте алты жасар Мұхаммедті ұрлап кеткен әйел психиатрлық ауруханаға жатқызылды. Сонда ол арнайы сараптамадан өтеді. Облыстық ішкі істер департаментіне қарасты тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Тофик Азадов 60 жастағы әйелге қатысты сот-психологиялық-психиатрлық сараптаманың тағайындалғанын айтып берді.

Күдікті әйел бұл іске балаларды жақсы көргендіктен барғанын айтып отыр.

Еске салайық, Мұхаммед Қамшыбек 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен еді. Баланы Амангелді ауылындағы мектептен үйіне қарай кетіп бара жатқан жерінен алып кеткен.

Осыдан кейін оны ешкім де көрмеген. Куәгерлер оны 50-55 жас шамасындағы әйелдің алып кеткенін айтып берген еді. Полицейлер оның фотороботын жасады. Кейін ол бірнеше күт өткеннен кейін Арыс қаласынан табылды.

Осыдан кейін бала ұрлаған әйел бұған дейін де бала ұрлағанын мойындады. «Біздің облыстағы сараптама кезінде тексеруші мамандардың алдына қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алынған жоқ. Біздің мамандар бұл әйелді Алматыдағы арнайы орында емдеуге жатқызып, тексеру керек деді. Сол үшін күдікті әйел 28 наурыз күні тергеу басқармасынан Алматыға жөнелтілді. Қазір сонда қамауда жатыр. Егер оның өз әрекетіне жауап бере алмайтыны анықталса, күштеп емдеуге жіберіледі. Ал ақыл-есі дұрыс болса, іс отқа жіберіледі» деді тергеу басқармасының өкілі.

ДереккөзОтырар
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматы облысында газға қосылу құны арзандады

Алматы облысында 11 елдімекеннің тұрғындары үшін орталықтандырылған газбен қамту желілеріне қосылу құны төмендеді.

Мәжіліс және мәслихатты сайлауда қанша қазақстандық дауыс берді?

Орталық сайлау комиссиясы 22:00-дегі жағдай бойынша мәжілісті және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда дауыс берген азаматтардың санын жариялады.

Бейбіт Исабаев сайлауда дауыс берді

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы №389 сайлау учаскесіне келіп, парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Елена Рыбакина «Мастерс » турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы Индиан-Уэллсте WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты. 

Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

ҰҚК: Ұйымдасқан қылмыстық топтың 13 мүшесі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш қалада арнайы операция жүргізді. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.