Басты бет Жаңалықтар Бүгін елімізде ауа сапасы төмендейді

Бүгін елімізде ауа сапасы төмендейді

"Қазгидромет" РМК-нің хабарлауынша, 22 ақпан күні метеожағдайлар Қазақстанның 11 қаласында атмосфераның нашарлауына әсер етеді.

©Еgemen.kz

Атап айтқанда, Алматы, Астана, Балқаш, Қарағанды, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау,  Қостанай, Петропавл, Өскемен және Талдықорған қалаларында ауаға ластаушы заттар таралады. Сондай-ақ, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Астана, Атырау, Балқаш, Қызылорда, Тараз, Ақсай,  Орал және Шымкент қалаларында атмосферада ластаушы заттар жинақталады деп күтілуде.

Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеофакторлар (тымық күн, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК-ның www.kazhydromet.kz сайтында алдағы тәулікке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға арналған болжамдар жарияланып тұрады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version