Атап айтқанда, Алматы, Астана, Балқаш, Қарағанды, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Өскемен және Талдықорған қалаларында ауаға ластаушы заттар таралады. Сондай-ақ, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Астана, Атырау, Балқаш, Қызылорда, Тараз, Ақсай, Орал және Шымкент қалаларында атмосферада ластаушы заттар жинақталады деп күтілуде.
Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеофакторлар (тымық күн, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.
Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК-ның www.kazhydromet.kz сайтында алдағы тәулікке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға арналған болжамдар жарияланып тұрады.