ҚММУ оқытушылары Швецияда тағылымдамадан өтеді

Аталған келісім ҚММУ оқытушыларының біліктілігін арттыруға, тағылымдамадан өтуге, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға, және «Болашақ» бағдарламасы бойынша серіктес ЖОО базасында PhD докторантураға түсуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, келісім онкологиялық жасушаларды зерделеу саласында зерттеу жүргізуді, ісікке қарсы препараттарды іздеу, сондай-ақ, жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде бағаналы жасушаларды қолдану мүмкіндігін қарастырады.

Елжан Біртанов Лунд Университетінің Вице-канцлері, профессор Ева Вибергпен ЖОО арасындағы ынтымақтастық пен өзара серіктестік туралы Меморандумға қол қою мәселелерін тақылады.

Вице-министр Медицина факультеті деканының халықаралық ынтымақтастық бойынша орынбасары Карин Фриденлундпен білім беру бағдарламалары, студенттермен және оқытушылармен өзара алмасу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар, Елжан Біртанов «Pfizer H.C.P. Corporation» (Швейцария) компаниясының өкілдерімен кездесті. Шара барысында Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша Жаһандық инновациялық өнімдер бағыты жөніндегі Вице-президент Анжела Лукин және Каукар, Израиль, Туркия мен Балқан аймақтары бойынша вакциналау бағытының жетекшісі Айлин Тузельмен Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында серіктестік мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.

Сонымен бірге, вакциналауды бақылаудың электрондық жүйесін жасау мен енгізу және Қазақстанда вакциналарды сақтау мен иммунобиологиялық препараттарды тасымалдау кезінде «салқындату тізбегін» құру, оның ішінде аталған жобаларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асыру бойынша өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Өзара түсінісу меморандумын жасау сұрақтары қарастырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлікке қарасты мекеменің басшылары сотталды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімі шығарылды.

Атырауда жалған нөмір таққан көліктің 86 айыппұлы бар болып шықты

Атыраулық жүргізуші 86 айыппұлы төленбеген, мемлекеттік белгісі жалған көлікпен ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Президент «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалін бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық валюта – теңгенің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толуына арналған мерекелік медальді бекіту туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстанда үш мыңнан астам сарбаз әскери ант қабылдады

Астанада «Отан қорғаушылар» алаңында Ақмола өңірлік гарнизонының №68665 әскери бөліміне келген жастар салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты.

Зейнеткерлер 1 шілдеден бастап БЖЗҚ-дағы барлық жинақ ақшасын шеше алады

Зейнеткерлер зейнетақы жинағындағы ақшасын үй сатып алуға немесе емделуге ала алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.