Басты бетЖаңалықтарАрманыңдағы жігітке...

Арманыңдағы жігітке жолықтырар 10 қадам 

Өзіңе керекті адамды көре білу оңай емес. Айналада сенің иделыңа сай келетіндей жасандылар өте көп. Сондықтан көңілің қалып, алданып қалмас үшін өзіңмен жұмыс істеу керек.

Өзіңді де, өзгені де алдама

Сонымен сен жақсы жігітті кездестіргің келеді. Мұны мойындаудан қашпа. Махаббатыңды іздеу – қиын іс, бірақ қай уақытта да оны бастау керек. Егер сен өз-өзіңе бақытыңды тапқың келетініңді мойындасаң, бұл сенің жолың болмайтын қыз немесе жігіттердің саған жоламайтындығын білдірмейді. Ол сенің ер жетіп, ақыл тоқтатқан тәжірибелі екеніңді білдіреді. Айналаңдағылармен сөйлескенде өзіңнің тәуелсіз және өз-өзіңе жетіклікті екеніңді сызып айтпа. Саған ешкім де керек емес сияқты түрді көрсетпе. Достарыңмен өзіңе лайық жігітті іздестірудемін деп ой бөліс. Оларға өз орталарынан саған лайық деген жігітті іздестіріп көрулерін сұра. Ал сосын қонаққа шақырып, тосын кездесу ұйымдастыруға да болады. 

Өміріңе талдау жаса

Өзіңнің бақытты болуың үшін не керегін және өз жігітіңе өміріңнің қанша бөлігін сыйлайтыныңды білмейінше – оны табу қиынға соғады. Мынадай бір тәсіл қолданып көр. Бір қағаз алып шеңбер сыз да көз мөлшерімен бірнеше секторларға бөл. Бір сектор сенің өміріңде карьераның алатын өлшеміне сай келу керек, келесісі – жігітіңе арнаған өлшемнің орны, үшіншісі – қызығушылықтарыңа, сосын хобби секторын белгіле, достарыңа арналған сектор, және тағы да басқа өзіңнің қалауың бойынша бөлімдер. Бұл жай ғана диаграмма өзіңе басқа көзбен қарауға көмектесіп, артықшылықтарыңды көрсетеді. 

Қандай жігіт керек екенін біліп ал

Саған керек жігітте ең бастысы қандай қасиеттер болу керек, қандай қасиеттерін сен көтере аласың, ал қандай жаман қасиетіне шыдай алмайсың, соны шешіп ал. Егер идалыңды суреттей алмай жатсаң бір қағаз алып үш графаға бөл. Өзіңе таныс қасиеттерді алып тізімге сәйкесінше ретімен жаз. Басыңда әрдайым осы қасиеттерге ие адамның бейнесі жүрсін. Сонымен қатар бұл қатып қалған тізім емес екенін ұмытпа, жағдайға байланысты өзгерістер енгізіп отыруыңа да болады. 

Стереотиптерден құтыл

Бірнеше этаптардан кейін “әдемі және бай” деген міндетті түрде “ақкөңіл, сені шексіз сүйетін және сенімді” болып шықпайтынын түсінесін. Мүмкін, сені шексіз бақытты ететін жігіт олигархтан гөрі есепшіге ұқсайтын шығар. Егер бұрынырақта аздап “шашы түскендер” сен үшін сұмдық нәрсе болса, бертін келе бұл процесс ерте ме, кеш пе көптеген еркектерді қамтитынын түсін. Өзіңнің сарыторы немесе жұқа ерінді жігіттерге деген жеккөргіштігіңмен күресу үшін адамның сыртқы келбеті бойынша қандайына “жоқ” деп айта алатыныңды шешіп ал. Сондай бір жігіттің келбетін салып көр. Енді осы бір адам сені машинаның астына түсуден құтқарып қалғанын немесе саған миллион раушан гүлін сыйлағанын елестетіп көр. Сарыторы жігіттерден бірінші “адамды” көруге тырыс, содан кейін ғана келбеті екенін ұмытпа. 

Өткен өміріңнен сабақ ал

Барлық “бұрыңғыларың” әркез сені тастап кететін бе еді? Ауыртпашылық пен көңіл қалушылық – сенің кез келген романдарыңның сөзсіз атрибуттары деп ойлайсың ба? Мынаны ескер: барлығымыздың да күйініш пен мұңға толы жүгіміз бар. Өткен қорқыныш пен қатып қалған стереотиптер ары қарай өмір сүруге кедерегі болмас үшін оларды өзіңнің жақтасың етіп алу қажет. Өткен қателіктердің арқасында болашағың үшін жақсы сабақ алуға тырыс. Өзіңнің соңғы қатынастарыңа талдау жаса. Егер соларда, мысалы, сенімсіздік, түсініспеушілік, қызғаншақтық сияқты ортақ сарын көрсең, осы сценариялар қайталанбас үшін өзіңде нені өзгерте аласың – соны түсініп көр.  

Өз-өзіңді сүй

Өз-өзіңді сүй. Бұл үшін жұмысқа бара жатып “Мен ең әдемімін, ең көріктімін” деп қайталау қажет болса да. Өзіңе саған шексіз ғашық жігіттің көзімен қарап көр. Саған бетіңдегі иірімдерің ұнамай ма – жақсы көр. Бетіңнің барлық әдемілігі сол иірімде деп ойла. Тісінің ортасындағы саңылауды өзінше бір сексуалды тартымды етіп қойған Мадоннаны еске алшы. Немесе ерінінің үстіндегі меңімен Синди Кроуфорд. Кішкентай айнада келбетіңді бөлек-бөлек қара – әр қатпаршағыңды, әр меңің мен иірімдеріңді жақсы көруге тырыс. Өз-өзіңді сүюден ұялма. Өйткені дәл солай саған жігіттердің қарағанын қалайсың ғой. 

Үйде отыра берме

Үйде отырып жігіт табамын деп ойлама. Подъезд тұрғындарының жиналысына болсын, немере сіңлілеріңнің саяжайына жексенбілік қыдырыс болсын – шақырған жерден қалма. Адамдармен сөйлесуге болатын сылтаулардан бас тартпауға тырыс. Бұл жолмен сен өзіңнің тағдырың болатын адаммен жолығу мүмкіндігін арттырасың. Шетте қарап тұрма, сонымен қатар күштеп сөйлесу де қажет емес. Жай ғана өз-өзіңмен бол және де өзіңе қызықты адамдармен әңгімелес. 

Өзгелердің қателіктерінен сабақ ал

Өзіңе теріс тәжірибе жеткіліксіз деп санайсың ба? Егер де жеткілікті десең де реніш пен ауыртпашылықтың арқасында өзіңнің қателіктеріңді байқай алмауың мүмкін. Сондықтан құрбыларыңның қателіктерінен, басқа бір әйелдердің естеліктерінен және танымал адамдардың өмірінде болған жайттардан үлгі алып, қателіктерінен сабақ алу керек. Сәттіліктері мен сәтсіздіктеріне анализ жасап көр. Сенің ойыңша кейіпкер әйел нені дұрыс жасады, керісінше қай жерде қателескенін жаз. Өзіңді соның орнына қойып, сен қандай шешім қабылдайтыныңды ойланып көр. Жауап жұбанышты болмауы да мүмкін. Ең бастысы өзіңнің жауаптарыңа адал болу шарт – сонда ғана өміріңде басқа адамдардың қателіктерін болдырмауға тырысасың. 

Бағдарыңды өзгерт

Сен күн сайын бір ғана жолмен жұмысқа барасың, бір автобусқа отырып, күнделікті бір дүкенге кіресің. Өзіңнің күн тәртібіңді өзгерт, жұмысқа барар жолдың басқа бір жолын таңда, 1-2 аялдама жаяу серуенде немесе сауда жасауға орталыққа аттан. Мұны әрдайым істеп тұруға тырыс, мысалы 2 аптада бір рет. Біріншіден, бұл зерігуден құтқаратын жайлы және әсерлі тәсіл. Екіншіден, мүмкін сенің арманыңдағы жігіт екі жыл бойы параллель көшеде жүріп-тұрып жүрген шығар…