Басты бетЖаңалықтарБетіңіздегі безеу...

Бетіңіздегі безеу нені білдіреді?

Тері майы ағзадағы май бездерінің сыртқа шығаратын саңырауларында тұрып қалып, бетте қара нүктелі дақтар мен қара безеулер ретінде көрінеді.

Маңдай мен көз айналасына шыққан безеу нені білдіреді?

Безеудің маңдайға шығуы ас қорыту жолдарының дұрыс емес екенін білдіреді. Бұл жерде асқазан ғана емес, ұйқы безі немесе өт жолы бұзылған болуы мүмкін.

Егер безеулер маңдайдың шашқа жақын бөлігіне қарай шықса, онда өт жолының дұрыс емес екенін ескеру керек. Ал егер бөрткендер қасқа қарай жақындап шықса, ішек жолдарының өз қызметін атқара алмай жатқанын білдіреді. Яғни, тамақтану тәртібін дұрыстау керек.

©reactor.inform.kz

Маңдайға безеу дәріні (дәрумендер, антибиотиктер, гормоналды дәрілер) көп қолданғаннан да шығуы мүмкін.

Көздің маңайына шығатын кез-келген бөрткендер, көз астының ісуі бүйректе ақау бар екенін немесе ағзаға судың жетіспейтіндігін білдіреді. Сондықтан көбірек сұйықтық ішкен жөн.

Бет пен мұрын үстіндегі безеулер қауіпті ме?

Бетке шыққан безеулер тыныс алу жолдарындағы проблемалардың бар екенін білдіреді. Көбінесе, тері бөрткендері шылым шегетін адамдарда немесе аллергиясы бар адамдарда кездеседі. Сол себепті тәттіден бас тартып, күн сайын таза ауаға шығып, серуендеп тұрған жөн.

©antenna38.ru

Терідегі майдың артуына байланысты мұрын үстінде қара дақтар пайда болады.
Сондай-ақ, гормондық тепе-теңдіктің жойылуы да безеудің шығуына себеп. Егер мұрын үстіндегі безеулер көп шықса, жүрек қызметінің нашарлауынан екенін білген жөн. Мұрнының үстіне безеу шығатын адамдар өзінің артериялық қысымына және В дәруменінің деңгейіне көп назар аудару керек. Сонымен қатар, холестерин мөлшерін де тексерту қажет. Оны ретке келтіру үшін, «нашар» майлардан бас тартып, балық, зығыр дәні, авакадо майы сияқты «пайдалы» майларға көшкен жөн.

Иек пен ерінге безеулер не себептен шығады?

Ас қорыту жолдарында, эндокринді жүйеде ақаулар болса, иекке безеу шығуы мүмкін. Сол себепті құрамында С витамині мол азық-түлікті көп қолданған дұрыс. Шөптен жасалған шәйларды көбірек ішіңіз. Осы аймаққа безеу шығудың тағы бір себебі – жыныс бездері қызметінің бұзылуы. Сондықтан гинекологқа қаралу да артық етпейді.

Ерін маңайына безеудің шығуы ағзадағы гормондық өзгерістер немесе адамның күйзелісті бастан кешіргенін туралы білдіреді. Одан құтылу үшін дұрыс ұйықтап, көбірек су ішіп, көкөніс, жеміс-жидектерді көбірек қолдану керек.

Дақтардан құтылу үшін не істеу керек?

25-ке жетпей дақ шықса, ол денсаулықта бір кінәраттың бар екенін сездіреді. Бетке дақ шығудың бірнеше себебі бар. Мысалы, дақ қан аздықтан да болады. Қыз-келіншектердің етеккір циклі бұзылып, дұрыс келмесе де дақ шығады. Қара дақ беттің құрғақтығынан, ет пен терінің арасында су құрамы аз болса пайда болады.

С дәрумені

Бетіне дақ шыққан жандарға С дәрумені жетіспейді. Сондықтан С дәрумені бар тағамды көбірек жеу керек. Айран мен иогурттың құрамында С дәрумені бар, айранды көбірек ішу қажет. Дақ құрғақ, қамыр тағамдарды жей бергендіктен де болады. Күнделікті тағам құрамында көкөніс, жеміс-жидектер болғаны дұрыс. Бетінде дағы бар жандар қуырылған, ащы тағамдарды жемегені жөн. Дақтан құтылу үшін дәрігер-косметологтың қабылдауында болып, ешбір қоспа қосылмаған, шөптен жасалған табиғи косметика пайдалану керек.