Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады.
Нығматулин атап өткендей, Франциямен жан-жақты және өзара тиімді байланысты нығайту Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толса, биылғы жылы Қазақстан мен Франция арасында стратегиялық әріптестік туралы Шартқа қол қойылғанына 10 жыл толып отыр.
Мәжіліс Төрағасы Еуроодақ біздің еліміздің маңызды сыртқы саяси және ірі сауда әріптесі екенін алға тарта келіп, алдағы уақытта елдеріміз Қазақстан мен аталған одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімнің әлеуетін толыққанды пайдалана алатындығына сенім білдірді.
Өз кезегінде елші Қазақстан мен Франция тек саяси, стратегиялық қана емес, экономикалық маңызды әріптестер екенін сөз етіп, болашақта екіжақты және көпқырлы, сондай-ақ парламентаралық ықпалдастықты жан-жақты нығайтуға ынталы екенін жеткізді.