Флюрографияға жиі түсудің қандай зияны бар?

Сондай-ақ, туберкулезді, сұйықтықты, қабынуларды, бөгде заттарды, талшықтар склерозын, әртүрлі этиология ісіктерін, қаңқа аномалиясын, жүрек дертін, қабырғалар, иық және т.б. аурулардың диафрагмасын көре алады.

Сәулелі аппарат қалай әсер етеді?

Адам зерттеу кезінде иондалған сәулеленуге ұшырайды. Бірақ бұл құбылыс аздаған секунд ішінде және мөлшері күнге қыздырынғанда алатын 2-8 күндік әсермен тең келеді. Сандық аппараттың детекторы өте сезімтал келеді. Бұл емделушінің 10 есеге дейін сәулелік мөлшерді төмен қабылдауына, сапалы түсірілім алуына мүмкіндік береді.

ФЛГ
©medpro.kz

Басқа рентгендиагностикалық әдістермен салыстырғанда флюрографияның артықшылығы — жасырын ауруларды зерттеуге мүмкіндік береді. Флюрографияны көкірек қуысының, сүт бездерінің, сүйек ауруларының диагностикасын қойғанда қолданады. Флюграфияға түсіру кезінде тұрақты және жылжымалы (автобус, вагон) кабинеттер пайдаланылады.

Флюграфия кімдер үшін қауіпті?

Флюрографиямен 15 жасқа дейінгі балалардың ерекше жағдайында ғана зерттеу жүргізуге болады. Ал жүкті әйелдерге флюорографиядан өтуге мүлдем тыйым салынған. Тек жүктіліктің 36 аптасынан соң (ерекше жағдай болса ғана) зерттеуден өтуге болады.

Флюорографияға немқұрайлы қарау туберкулезді уақытында анықтауға кедергісін келтіреді. Егер науқаста бұл ауру асқынып кетсе балаларға тез жұқтыру қаупі бар. Сондай-ақ, емдеуге де қиындық тудырады.

©medpro.kz

Қанша уақытта тексерілген дұрыс?

Флюрография зерттеуінен өтудің стандартты жиілігі – жылына 1 рет. Дегенмен, төмендегілер жылына 2 рет өтуге тура келеді:
— туберкулездік диспансерлердің, санаторийлердің, перзентханалардың және с.с. қызметкерлері;
— елеулі созылмалы кеселдері (астма, ойық жара және т.б.) бар пациенттер;
— балабақша тәрбиешілері, мұғалімдер және т.б.