Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Жарлықта былай деп жазылған:
1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қуанарлық жағдай.Апострофсыз латын нұсқасына қолымыз жетті. Енді тілдік нормалар қалыптасып, жазу — сызуымыз арта түсетін болды. Осы әліпби нұсқасы көңілге қонымдырақ. Бірлі — жарым кемшілігі түзеледі деген сенімдеміз.