«Қазақфильм» кішкентай Тұмардың рөліне кастинг жариялады

Қыздардың түр-әлпеті басты рөлді сомдайтын Альмира Тұрсынға ұқсауы тиіс. Талап бойынша қыздардың шашы сары, көздері жасыл болуы тиіс.

Кастингке қатысуға өтініш білдіруші қыздар (ірі план (анфас және профиль), орта план және тұла бойы түсірілген, фильтрсіз және көзілдіріксіз түскен суреттерін жіберу қажет.

Анкетада: аты-жөні, туған жылы, бойы, салмағы, көзінің және шашының түсі, түсірілімдердегі тәжірибесі туралы ақпарат толтырады. Кастингке кез келген ұлт өкілі қатыса алады.

Фото және анкета [email protected] электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

Дереккөз24.kz