Басты бет Жаңалықтар 2 апта бойы қонақүйде тұрған депутаттарға қанша шығын кетті?

2 апта бойы қонақүйде тұрған депутаттарға қанша шығын кетті?

Жаңадан сайланған депутаттар екі апта бойы Астанадағы "Пекин палас" қонақүйінде тұрған болатын. Бүгін халық қалаулыларының қымбат қонақүйге тұруына кеткен қаражат көлемі жарияланды.

Парламенттің шаруашылық басқармасы 31 депутаттың қонақ үйде жатқан 2 апталық шығын сомасын да ресми жариялады.

Ол дерекке қарағанда, екі аптада депутаттар жатын орнына 8 миллион теңгеден астам мемлекет қаржысы шығындалыпты.

Естеріңізде болса, депуаттардың қымбат қонақүйге орналасуы қоғамда қызу пікірталас тудырған болатын. Осыдан соң, қонақүйге жайғасқан халық қалаулылары қызметтік пәтерлеріне көшіп кетті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version