Басты бет Жаңалықтар Алматыдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіледі

Алматыдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіледі

Алматыдағы аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі үшін 32 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, газ, су, жылу бағасы да көтеріледі деп күтілуде. 

Фото: Atameken Business Channel
Биыл Алматы билігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі үшін 32 миллион теңге бөлді. Мемлекет қолдауын коммуналдық шығыны жиынтық табыстың 10 пайызынан асатын адамдар көреді. Тұрғын үй көмегін алу үшін тұрғылықты мекен-жай бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлік, мекен-жай анықтамасы, коммуналдық қызмет бойынша шот-түбіртегі және жұмыс орнынан анықтама өткізу керексіз.

«Егер коммуналдық қызмет көлемі 12 мың теңгені құрап, кіріс мөлшері 70 мың теңге болса, жиынтық табыстың 10 пайызы 7 мың теңге, ал тұрғын үй көмегі 5 мың теңге болады. Тарифтер өскен жағдайда тұрғын үй көмегінің мөлшері де ұлғаятын болады», — дейді Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлнар Мұхаметова.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version