Биыл Алматы билігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі үшін 32 миллион теңге бөлді. Мемлекет қолдауын коммуналдық шығыны жиынтық табыстың 10 пайызынан асатын адамдар көреді. Тұрғын үй көмегін алу үшін тұрғылықты мекен-жай бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлік, мекен-жай анықтамасы, коммуналдық қызмет бойынша шот-түбіртегі және жұмыс орнынан анықтама өткізу керексіз.
«Егер коммуналдық қызмет көлемі 12 мың теңгені құрап, кіріс мөлшері 70 мың теңге болса, жиынтық табыстың 10 пайызы 7 мың теңге, ал тұрғын үй көмегі 5 мың теңге болады. Тарифтер өскен жағдайда тұрғын үй көмегінің мөлшері де ұлғаятын болады», — дейді Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлнар Мұхаметова.