Алматыда брэйкданстан Орта Азия чемпионаты басталды

Бүгін Алматы қаласындағы Atakent mall ойын-сауық орталығында алғаш рет брэйкданстан Орта Азия чемпионаты басталды. Gravity Game Battle Volume 1 (GGB Vol. 1) чемпионаты "Мен алматылықпын" қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен 17-18 ақпан күндері өтеді.

©24.kz

Аталған шараның басты мақсаты — Қазақстанда брэйкдансты Олимпиадалық спорт түрі ретінде дамытып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Алматыда басталған бұл чемпионат 27-29 сәуір күндері Ресейдің Қазан қаласында өтетін ComboNation Халықаралық брэйкданс чемпионатына ресми іріктеу кезеңі болып саналады. 2018 жылдың көктемінде іріктеуден өткен Орта Азия мен Ресейдің бишілері бас қосады. Би чемпионатын «BBoy»-лықтар мен әлемнің чемпиондары BBoy Alkolil, BBoy Jamal, сондай-ақ,  «Биле, Қазақстан» телешоуының қатысушысы, алматылық BBoy Neutron бағалайтын болады. Бишілердің өнерін талғамды әндермен әрлейтін диджей әлемге танымал DJ Legioner болса, шараны BBoy Fix жүргізеді.

Чемпионат
©sxodim.com

Ашық чемпионаттың іріктеу кезеңіне қатысу үшін instagram.com/ggbatle2018 парақшасына өтіп, тіркелу қажет.

Айта кетейік, 2018 жылдың көктемінде Алматыда Әлемдік брэйкданс чемпионатына іріктеу үшін тағы да байқау ұйымдастырылатын болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version