Терроризмді насихаттайтын 9 мыңға жуық сайт бұғатталды — Дәурен Абаев

Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде 2017 жылдың 28 желтоқсанында Елбасының ақпарат саласындағы заң жобасына қол қойғанын айтты.

«Бұл заң азаматтарымыздың құқығын қорғау механизмдерін күшейтіп, БАҚ саласына, байланыс операторларының жұмысына қатысты талаптарды оңтайландырады», — деді министр Дәурен Абаев.

Сондай-ақ ол Қазақстанның ақпарат кеңістігінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Өткен жылы терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайттың жұмысы тоқтатылды. Әлеуметтік желілерде осы сарындағы 230 мың материал жойылды», — деді Дәурен Абаев.

ДереккөзBaq.kz