Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин Байқоңыр ғарыш айлағынан «Восток-1» ғарыш кемесімен жер орбитасына шықты. Осыған орай Азаттық Радиосы ғарыш саласындағы ескі фотоларды назарларыңызға ұсынады.

Юрий Гагарин ғарышқа ұшар алдында. Байқоңыр. 12 сәуір 1961 жыл.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

«Восток-1» ғарыш кемесі ұшар алдында. Байқоңыр. 12 сәуір 1961 жыл.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

Юрий Гагарин (сол жақта) және алғашқы экипаж командирі Владимир Комаров. Мәскеу, 11 қазан 1961 жыл.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

«Восток-1» ғарыш кемесінің көтеріліп бара жатқан сәті. Байқоңыр. 12 сәуір 1961 жыл.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

«Казахстанская правда» газетінде қызмет істейтін ақын Олжас Сүлейменов 1961 жылы 12 сәуірде «Адамға табын, Жер, енді» поэмасын жазды.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

1957 жылы алғашқы спутник ұшырылған алаң. Байқоңыр. 3 шілде 2005 жыл.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

Байқоңыр. 1 тамыз 1974 жыл.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

Юрий Гагарин (сол жақта) алғашқы әйел ғарышкер Валентина Терешковамен әңгімелесіп тұр. 1963 жыл.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жыл 2 қазанда Александр Волков және австриялық Франц Фибекпен бірге Союз ТМ-13 кемесінде ғарышқа ұшып, бір апта бойы «Мир» орбиталық станциясында жұмыс істеді.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

Алғашқы ғарыштық турист Денис Тито (сол жақта) және қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарыштан қонған сәтінде. Арқалық. 6 мамыр 2001 жыл.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясына Байқоңыр ғарыш айлағынан 2 қыркүйек күні «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі экипажы құрамында ұшты. Онымен бірге ғарышқа Ресей ғарышкері Сергей Волков пен астронавт Андреас Могенсен аттанды.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

Ресми деректерге қарағанда, ғарышта сегіз күн болған Айымбетов 10 тәжірибе сынағын жүргізген. Оның ішінде ғарыш мониторингі, ғарыш сапарының экипажға әсері және физикалық-техникалық эксперименттер болған. Ресеймен арадағы келісім бойынша, Айымбетовті ғарышқа ұшыру үшін Қазақстан 20 миллион доллар төлеген.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

2013 жылы 2 шілде күні ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағында құлап, жарылды. Сол жылы 22 қараша күні Қазақстанның қоршаған орта мен су ресурстарын қорғау министрлігі Ресейден экологиялық зиян үшін 89 миллион доллар өтемақы талап еткенін мәлімдеді. Ресей оны әлі өтемеді.

Ғарыш саласында тарихи маңызға ие 18 фото

ДереккөзАзаттық

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елімізде балаларды қаржы сауатына үйрететін қазақ тіліндегі кітап жарық көрді

Балалар мен ересектерді қаржы сауатына үйрететін "Тиыннан теңге құрайтын бала" кітабы жарық көрді. Бұл еңбек - New York Times-тың "The Opposite of Spoiled: Raising Kids Who" деген әйгілі бестселлерінің қазақша нұсқасы.

Абай облысындағы 93 ауылда интернет жоқ

2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94%-ын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желіде хабарлады.

Қазақстанда тиімсіз тыйымдарға қарсы петиция басталды  

Tastau.qaz қоғамдастығының негізін салушы, журналист Татьяна Фоминова вейпке тыйым салу сияқты жұмыс істемейтін түзетулерді заңға енгізудің орнына қолданыстағы заңнаманы реттеп, сол арқылы мәселені шешуді үндейтін петицияны бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылады

Бүгін, 1 маусымда еліміздің барлық мектебінде оқу жылы ресми түрде аяқталады. Білім ошақтарында салтанатты жиын өткізу жоспарланған.