Басты бет Жаңалықтар Денис Тен Қысқы Олимпиадада өнер көрсетті

Денис Тен Қысқы Олимпиадада өнер көрсетті

Бүгін XXІІІ қысқы Олимпиадада Денис Тен қысқа бағдарламада өнер көрсетті.

Денис Тен. Фото: Vesti.kz

Денис Тен жеке өнер көрсететін қысқа бағдарламадан 70,12 (30,77 +39,35) ұпай жинады. Ол 30 мәнерлеп сырғанаушының ішінен төртінші болып мұз айдынға шықты. Енді, ол ертең еркін бағдарламада жарысты ары қарай жалғастыру үшін осы 30 спортшының ішінен үздік 24 орынға кіруі керек.

Айта кетейік, Денис Тен — Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, сондай-ақ, Алматыда өткен 28-қысқы Универсиаданың чемпионы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version