Басты бет Жаңалықтар Денис Тен «Rostelecom Cup-2017» турнирінде жүлдесіз қалды

Денис Тен «Rostelecom Cup-2017» турнирінде жүлдесіз қалды

Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Ресейде өткен «Rostelecom Cup - 2017» Гран-при турнирінде жүлдесіз қалды.

Ол «Rostelecom Cup — 2017» Гран-при турнирінде 214.35 ұпаймен 9-орыннан көрінді.

Бұл додада бірінші орынды 293.79 ұпай жинаған америкалық Натан Чен жеңіп алса, екінші орынды 290,77 ұпаймен жапондық спортшы Юзуру Ханью қанжығасына байлады. Үздік үштікті 271,06 ұпай жинаған ресейлік Михаил Коляда түйіндеді.

Айта кетейік, Денис Тен  бұл сында мұз айдынына Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «SOS d’un terrien en détresse» композициясымен шықты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version