Басты бет Жаңалықтар ОҚО-да Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың жолдамасы 14-ке жетті

ОҚО-да Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың жолдамасы 14-ке жетті

Биылғы жылы Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін лицензиялық жарыстарда облыс спортшылары жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, жолдаманы ұтып алған спортшыларымыздың қатары 14-ке жетті, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Алдағы уақытта спортшыларымыз ауыр және жеңіл атлетика спорты түрлері бойынша сынға түсіп, қоржынымызды тағы да бірқатар жолдамаларға толтыру көзделуде. Осылайша, Олимпиада ойындарына ұлттық құрама сапында 15-тен астам оңтүстікқазақстандық спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс спортшылары Әлем чемпионаттары мен Кубоктарына  қатысып, 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алса, Азия чемпионаттарында 2 күміс және  2 қола медальге ие болды.

Өңірдің оғландары осы уақыт аралығында 59 спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып,    201  алтын, 182  күміс, 219 қола медальға қол жеткізді.

Оңтүстік Қазақстан облысынан спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамында 411 спортшы, жастар құрамасында 415 спортшы, жасөспірімдер құрамасында  263 спортшы, жалпы 1089 спортшы бекітілген.

Спорт түрлері бойынша ұлттық құрама сапына енген 110 спортшыға ай сайын стипендия төленуде.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version