Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасында Қазақстан туын көтеріп шығуы мүмкін

Туды сеніп тапсыруға лайық делінген спортшылардың ішінде боксшылар мен дзюдо шеберлері бар. Атланта және Сидней Олимпиадаларында қазақтың байрағын көтерген Ермахан Ыбырайымов бұл мәртебеге сай деп бірнеше спортшыны таңдап қойыпты. Ол елбасының қолынан туды сеніммен қабылдап алғаннан кейін, тек жеңіспен оралу керек деп санайды.

Сонымен Ермахан Ыбырайымов ұсынған 4 спортшы: бокстан әлем чемпиондары — Данияр Елеусінов пен Жәнібек Әлімханұлы. Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов және дзюдодан әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ баласы Елдос Сметов. Боксшының айтуынша, олардың кандидатурасын өзара дауысқа салу керек.

«4 азаматтың арасында тартыс жүрсе, кімге туды береміз? Енді туды маған беріңіз, мен ұстайын деп талпынып тұрған спортшыны табу оңай болмайтын шығар. Ол үлкен жауапкершілік», — дейді Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов.

Ал 11-ші олимпиадасын көруге дайындалып жатқан танымал спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы Риода ту көтеруге лайық бір ғана спортшыны атады. Данияр Елеусінов. Ол соңғы 4 олимпиадада ұлттық құрама қоржынына үзіліссіз алтын салған 69 келіде сынға түседі.

«Данияр Елеусінов, біріншіден, әлем чемпионы. Бұрын Олимпиадаға қатысқан. Азия ойындарының чемпионы. Олай болатын болса, бұл азаматтан бүкіл Қазақстан, қазақ халқы жеңіс күтіп отыр», — дейді Несіп Жүнісбайұлы.

Өкінішке қарай, Афины, Бейжің, Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында ту көтеріп шыққан спортшыларымыздың ешқайсысы жеңіс тұғырынан көріне алмаған. Енді Риода ел байрағын нақты кім ұстайтыны әзірге белгісіз. Оны бәсеке басталуына санаулы сәттер қалғанда Ұлттық Олимпиада комитеті мен мәдениет министрлігі анықтайды.

Дереккөз31 арна

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Оралда репрессия құрбандары туралы тоғыз кітап жарық көрді

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Батыс Қазақстандағы саяси-қуғын сүргін саясатының нәтижелері: тарих пен тағдыр» тақырыбында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Президент Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды.

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ертең кейбір өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады

5 маусымда елдің кей өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері осыған байланысты ескерту жасады. 

Алматыдан 443 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық стансалары Астана уақытымен 09:21-де жер сілкінісін тіркеді.