Басты бет Жаңалықтар Бүгін «Қиырдағы қазақтар» фильмінің тұсаукесері өтеді

Бүгін «Қиырдағы қазақтар» фильмінің тұсаукесері өтеді

Астанадағы «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығында Моңғолия қазақтарының тарихы мен бүгінін баяндайтын «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.

©baq.kz

Жобаны 2017 жылдың маусым айынан бастап www.e-history.kz порталының базасында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жүзеге асырды.

Деректі фильмнің мақсаты – ұлттық сана мен төл тарихты жаңғырту, алыс-жақын шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың шынайы өмірін көрсету.

Тұсаукесер шарасына мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ басшылары, ғалымдар, тарихшылар, блогер-журналистер қатысады.

Айта кетейік, шара кешкі сағат 19.00-де басталады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version