Басты бетЖаңалықтарМұхтар Құл-Мұхамед...

Мұхтар Құл-Мұхамед Сенат комитетіне мүше болды

Бүгін Мұхтар Құл-Мұхамедті Парламент Сенатының комитет мүшесі етіп сайлау туралы Сенаттың қаулысы шықты.

«ҚР-ның Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 25-бабы 2-тармағының 1 тармақшасына және «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, Парламент Сенаты қаулы етті. «Мұхтар Абрарұлы Сенат жұмысына өзінің қомақты үлесін қосар деп сенемін. Сізге табысты жұмыс тілейміз», — деп құттықтады ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, осыған дейін Мұхтар Құл-Мұхамед Елбасының Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болды.

ДереккөзInform.kz