Басты бет Жаңалықтар 15 ақпан: Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

15 ақпан: Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қалың қар жауады, жел күшейеді.

Фото: Rosphoto.com

Кей жерлерде бұрқасын, тұман, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, жел 15-20, түнде Жарма ауданында 25 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, Қарағанды облысында жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version