Егер жоба сәтті басталса, келесі жылдан бастап екінші, бесінші, жетінші сынып оқушылары жаңа бағдарламаға көшеді. Яғни пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.
«Бұл бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектептерінде қолданылып жүр. Қазір ол оқу орындарында бір орынға 20 үміткерден келіп жатқанын көріп отырмыз, сондықтан бағдарламаны жаппай енгізуге шешім қабылдадық. Бұл білім деңгейін көтеріп, жастардың бірге жұмыс істеуіне көмектеседі. Бірінші сыныптарға 72 мың мұғалім және өте қысқа уақытта жетінші сынып оқушыларын қайта оқытуға 250 мың мұғалім дайындалды. Осы жүйенің арқасында оқушылар бес күндік оқу жүйесіне ауыса алады», — дейді министр.
Ол сондай-ақ еліміздегі барлық мектептер мен жоғары оқу орындарын қысқа уақытта интернетпен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Еске сала кетейік, үш тілді білім беру жүйесі туралы айтыла бастаған соң, ата-аналар қауымы бұл өзгеріске қарсылық танытқан болатын.
Біз де қарсымыз.
мен де карсымын ойткени мектептер оган сай емес
Билік бәрін лаңдап болдығой.Балалардың не кінәсі бар..
Балаларымды мектептен шығарып аламын ба енді? Қазақшаға милары ашып жүргенде орысша оттап,ағылшынша ақыл айта ма енді? Бұл дегенің қазаққа қастандық қой.
Мен де қарсымын баларымыз орыс тілін қиынсынып жүргенде оған ағылшынды қосқан несі бірінші қазақшамызды дұрыстаиық балдардың миын ашытып осы министірлерді депутаттарды ауылға тұрғызып көру керек қой
Алдымен қазақ тілін жетік меңгертіп, бесінші сыныптан бастаған жөн сияқты. Баланың ойлау қабілеті мүлде шатасып кетеді.
Алдымен қазақша ойландыруымыз керек. Өз ойын толық жеткізетін дәрежеге жеткенде қосымша тілді қосуға болады. Үш тілді оқытуға мен де қарсымын.
Қарсымын өз тілімізді жоғалтамыз. Тіліміз жоғалса егеменіміз бірге жоғалады өзге елге еліктемеикші болашақта не болады деп қорқам
Өзіңіз сол үш тілді білесіз бе ?
өз тілінде толық сөйлей алмаған балаға орыс тілі,ағылшын тілінің қажет не? болашаққа мəңгүрт ұрпақ өсірмек пе? Білім саласы не істерлерін білмей далбасалап,қарапайым халықты қорладыңдар ау????
Орыстың әншісі не қазақша ән
айтпайсынба деген екен сонда әнші алдымен өзбекше үйреніп алайын деген екен.
жоғары да отырып алып осылай далбасалайтындарды мектепке келіп бар жағдаймен танысыңдар дейтін адам жоқ…қандай былығы шығып, əр экспермент əсерінен білімсіз ұрпақ өсуде…көздеріңді ашыңдар..????
Сумдыккои???? сызу сыза алматын, бырыншы сынып баласына, ою оясын дегенненде жаман кылдау . Уш тылмен жетылем деген келешек урпагымыз кандаи психологияда оседы. Дубара урпак сонда болатын шыгар…. казахы рухымыз оледы десеншы????
Егер де , білім бөлімінің меңгерушісі, білім департаменты басшысы және мектеп директорлары , мектептердің қарауылынан бастап барлық қызметкерлері үш тілді еркін меңгерген болса, жалпы білім саласының қызметкерлері үш тілде таза сөйлеп,таза сапалы білім бере алатын болса келісемін!!!
Назарбаев зияткерлік мектептерінде тәжірибеден өткен жүйе. Әрі жаһандану заманында балалар тез қабылдап алады ғой. Ағылшын, орыс және қазақ тілдерін білгені өздеріне жақсы, ертенгі күні өз ісінің маманы болса кез-келген жұмысқа орналаса да алады. Қазір 3 тілі жетік менгерген маманның дәрежесі жоғарылап тур ғой.
мен қолдаймын. 3 тілді білсек өзімізге де жақсы болады. ЖОО оқу да қиындық тудырмас еді
Ағылшын тілін бірден енгізіп балаларды қинамайды ғой. Бұның бәрін біртіндеп енгізетін болса балалар үшін тиімді емеспе.
Мен жастардың атынан бұл саясатты қолдар едім.
Менің жұмыс істеп жатқан мектебім апатты мектеп 3 аусымда оқимыз.Мүлдем жағдай жоқ. Біз қалай оқимыз үш тілді. Әрине қарсымыз
Министрлер бір аптс сабақ берсе басқаша сөйлер еді
Салеметсиздерме! Мынадай заманда уш тилди таннын атысы кештин батуымен оз колдарына алып кадагалап жанжакты окытамыз десе карсылыгым жок, ал ондай болмаган жагдайда такырыптын басын бастап аягын уйден окып келиндер дейтин болса карсымын себеби улкеним биринши сыныпка барады ал одан кейин уш кишкен тайым бар улкеннин уш тилдик багдарламасын озим тусинбеймин балама комектесеминдеп айта алмаймын