Ерлан Сағадиев: Қыркүйектен бастап бірінші сынып оқушылары үш тілде білім ала бастайды

Егер жоба сәтті басталса, келесі жылдан бастап екінші, бесінші, жетінші сынып оқушылары жаңа бағдарламаға көшеді. Яғни  пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.

«Бұл бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектептерінде қолданылып жүр. Қазір ол оқу орындарында бір орынға 20 үміткерден келіп жатқанын көріп отырмыз, сондықтан бағдарламаны жаппай енгізуге шешім қабылдадық. Бұл білім деңгейін көтеріп, жастардың бірге жұмыс істеуіне көмектеседі. Бірінші сыныптарға 72 мың мұғалім және өте қысқа уақытта жетінші сынып оқушыларын қайта оқытуға 250 мың мұғалім дайындалды. Осы жүйенің арқасында оқушылар бес күндік оқу жүйесіне ауыса алады», — дейді министр.

Ол сондай-ақ еліміздегі барлық мектептер мен жоғары оқу орындарын қысқа уақытта интернетпен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Еске сала кетейік, үш тілді білім беру жүйесі туралы айтыла бастаған соң, ата-аналар қауымы бұл өзгеріске қарсылық танытқан болатын.

ДереккөзBnews.kz