Орыс тілін қалай тез меңгеруге болады?

  1. Оқыңыз және тыңдаңыз

Тіліңіз жаттығу үшін мазмұнды мәтіндерді көбірек оқыңыз. Әрі оқыған дауысыңызды өзіңіз тыңдаңыз. Сөздік қорыңызды байыту үшін, классикалық туындыларды таңдауға кеңес береміз.

Мысалы, Лев Толстойдың «Анна Каренина» шығармасын алыңыз. «Кітаптың күніне осынша бетін оқып бітіремін» деп алдыңызға мақсат қойыңыз. «Айтылуы дұрыс болмай жатыр» деп үйрейленсеңіз, кітаптың аудио нұсқасын тауып, қатар тыңдаңыз. Екпіндердің қай жерде қалай қойылатынын меңгеріп аласыз.

2. Орыс тілінде жазуды бастаңыз

Мысалы, орыс тілінде күнделік жазуды әдетке айналдырыңыз. Көлемі маңызды емес. Бастысы — күнделікті жаттығып отырғаныңыз. Қате-дұрыс жазғаныңызды тексертетін жанашыр адамыңыз болса, тіптен керемет. Орыс тілін жақсы меңгерген досыңыздан өтінсеңіз болады (рахметін айтуды ұмытпаңыз).

Егер жазғаныңызды тексеретін адам болмаса, мазмұндаған мәтіндерді қағаз бетіне түсіріңіз. Оның дұрыс-қатесін кітаптағы мәтінмен тексеріп аласыз.

3. Күніне 90 минутыңызды орыс тіліне арнаңыз

Егер жаттығу мерзімінің арасын жиілетпесеңіз, бір отырып, көп оқығаныңыз пайдасы жоқ.

Күніне 24 сағатыңыздың 90 минутын орыс тілін меңгеруге арнаңыз. Орташа үш ай, ең ұзақ дегенде, алты ай ішінде тілді сауатты меңгеріп шығасыз.

5. Орыс тілді достарыңызбен көбірек сөйлесіңіз

Көп адам орысша түсінеді, сөздерді жатқа біледі. Бірақ ойындағысын жеткізе алмайды. Мұның барлығы — практиканың жоқтығынан болатын себептер. Қате айтамын деп үрейленбей, Сізді жақсы түсінетін, қателіктеріңізге оң көзқараспен қарайтын достарыңызбен жиі сөйлесіңіз. Тек ауызекі емес, әлеуметтік желіде хат алмасқанда да, орысша жазысыңыздар.

Кеңес:

  • Грамматикаға қатты байланып қалмаңыз. Ереже қандай мақсатпен құрылды? Соны түсініңіз. Әр сөйлегеніңізде, өз ойыңызды еркін жеткізуді бірінші орынға қойыңыз. Егер «мынау ережеге сай келер ме?» деп күмәндансаңыз, ойыңыз шашырап, не айтарыңыз есіңізге түспей қалады.
  • Барлығын сатылап орындаңыз. Әуелі септіктерді, ер, әйелдерге қолданылатын формаларды меңгеріп алыңыз. Одан кейін етістіктің шақтарына ауысыңыз. Бастапқыда ереже көп болып көрінуі мүмкін. Бірақ, әр күні әртүрлі ережені меңгерсеңіз, кірпішпен тұтас үйді қалағандай боласыз.