Басты бет Жаңалықтар Байқоңырдан «Союз-2.1A» зымыраны ұшырылды

Байқоңырдан «Союз-2.1A» зымыраны ұшырылды

Бүгін сағат 14:11-де Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына «Прогресс МС-08» жүк кемесін тіркеген «Союз 2.1А» зымыран тасығышы ұшырылды.

©КЦ "Южный"/ЦЭНКИ/РОСКОСМОС

Бұл туралы Ria.ru хабарлады.

Зымыран халықаралық ғарыш станциясындағы экипажға жанармай, сығымдалған газ, су, ғылыми құралдар, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және жеке гигиеналық заттарды жеткізеді.

«Союз 2.1а» зымыран тасығышы әуелде 11 ақпанда ұшырылады деп жоспарланған болатын. Бірақ ұшыру 13 ақпанға шегерілген.

Зымыран қозғалтқыштары автоматты түрде өшіп қалғандықтан ұшырылмай қалған еді. Енді әуе кемесі станцияға екі тәулік өткеннен кейін, 15 ақпан күні 13.45-те жетеді деп жоспаоланған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version