Басты бет Жаңалықтар Геннадий Головкин: Мен үшін кезекті қауіпті жекпе-жектердің бірі болғалы тұр

Геннадий Головкин: Мен үшін кезекті қауіпті жекпе-жектердің бірі болғалы тұр

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) 23 сәуір күні америкалық Доминик Уэйдпен (18-0, 12 КО) өтетін кездесуі туралы өз ойымен бөлісті.

allboxing.ru

«Уэйд – өте «аш» және орта салмақтағы тәжірибелі боксшылардың бірі. Әлі бірде-бір кездесуде жеңілмеген. Бұл мен үшін кезекті қауіпті жекпе-жектердің бірі болғалы тұр», – дейді Головкин BoxNation-ға берген сұхбатында.

Алайда көптеген мамандардың пікірі бойынша, Головкин бұл кездесудің айқын фавориті. Уэйдің бапкері Хантер шәкіртінің сенсация жасайтына сенімді.

Осының алдында Уэйд жерлесімізбен кездесуге дайын екенін айтқан болатын.

Айта кетейік, Головкин мен Уэйд арасындағы кездесу 23 сәуір күні Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version