Мектептерге «Назарбаевтану» пәні енгізілуі мүмкін

Жақын арада қазақстандық жалпы және орта білім беретін мектептерде «Назарбаевтану» пәні енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл идеяның авторы Шымкент университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрәлі Өткелбаев екен.

Профессор өзінің бұл жобасын ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсынып, министрліктің құптаған жауабын алғанын «Оңтүстік Қазақстан» газеті жазды.

Профессор Өткелбаевтың зерттеуінше, Қазақстан Президентінің түрлі мінберлерде жасаған мәлімдемелері, баяндамалары, жолдаулары әм сұхбаттары, ғылыми-әлеуметтік мақалалары 101 томды құрапты.

«Қазақстан Президентінің жолдаулары еліміздің саяси, экономикалық әм қоғамдық-әлеуметтік өмірі үшін үлкен рөл атқаратын, жаңа мемлекетті құруда жарқын жетістіктерге жетелейтін аспектілерді қамтиды. Елбасымыздың идеялары жаһандық әм планеталық сипатқа ие», — дейді Өткелбаев мырза.

ДереккөзTengrinews.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазгидромет тасқын қаупіне байланысты ескерту жасады

Қазақстанның төрт облысында өзендер тасып, су басу ықтималдығы бар. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақыны көбейтуді тапсырды

VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақыларды көбейтуді тапсырды.

Президенттің 29 наурызда сөйлейтін сөзі тікелей эфирден көрсетіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді.

Ерлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болды

Сегізінші сайланған мәжілістің спикері болып Ерлан Қошанов сайланды.

Әйнел Әмірхан: Әйел құқығын қорғауды жиі айтатын ерлер де оларды қолдауға дайын емес

Қазақстан әйелдері елдің саяси өміріне неге ерлермен теңдей араласа алмай келеді? Ал үй тірлігі тек әйелдің міндеті ме? Журналист-фрилансер Әйнел Әмірхан "Тасадағы әйелдер" дейтін жобасында сарапшылармен осы сұрақтардың жауабын іздейді.

Ақтөбенің бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.