Басты бет Жаңалықтар М.Әуезов атындағы драма театрының директоры қызметіне Асxат Маемиров тағайындалды

М.Әуезов атындағы драма театрының директоры қызметіне Асxат Маемиров тағайындалды

Мұхтар Әуезов атындағы драма театрына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы аталмыш театрдың Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

©tengrinews.kz

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылғы 12 ақпандағы бұйрығына сәйкес, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері Маемиров Асxат Максимұлы М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметіне тағайындалды! Асxат Максимұлын театр ұжымы атынан құттықтап, жаңа бастамаларына шығармашылық табыстар тілейміз!», — деп жазылған жазбада.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version