Алматы көшелерімен трамвайлар мүлде жүрмейтін болды

Алматы көшелерімен енді трамвайлар жүрмейді. "Астана" телеарнасына қалалық жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Дәурен Асылбекұлы осыны мәлімдеді.

Трамвайдың қатысуымен болған апатты жағдайлардан соң жұмысын уақытша тоқтатқан Алматы трамвай депосы қайта ашылмайтын болды. Жергілікті әкімдік трамвай тасымалынан түбегейлі бас тартты. Өйткені депоны жаңартуға өте көп қаржы керек.

Тозығы жеткен темір жолдарды қайта қалыпқа келтіруге 16 млрд теңге кетеді. Су жаңа вагондар сатып алу мен депоның күрделі жөндеуі тағы бар. Қысқасы, мұның барлығы бюджетке ауыр тиеді, дейді шенеуніктер. Сондықтан трамвайдың орнына 2018 жылдан бастап жеңіл рельсті көліктер жүре бастайды.

«Жеңіл рельсті көлікті қосу үшін де ақша керек. Осы мақсатты жүзеге асыруға шетелдік инвесторларды тарту қаралып жатыр. Құрылыс 2 жылдан соң басталады деген жоспар бар. Қазір ескі трамвайларды сатып алатындарды іздестіріп жатырмыз. Ресейге сұраныс жібердік. Жаңа трамвайлардың құны 1,5 миллион еуроға дейін барады. Ал қолданыстағы вагондар одан бірнеше есе арзан», — дейді  Алматы қалалық жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков.

Еске салсақ, өткен жылдың қазанында Алматыдағы трамвайлар жұмысын тоқтатты. Оған трамвайдың қатысуымен болған екі бірдей жол апаты себеп болды. Зардабынан 31 көлік жапа шегіп, 10 адам жарақат алған. Алғашқы трамвай апаты бойынша кінәлілер жауапқа тартылып, трамвай жүргізушісі мен оның тәлімгерінің 2 жылға бостандығы шектелді.

Бұл оқиға өзге облыстарға сабақ болды. Қазір Павлодардағы трамвай басқармасы деполарын жаңартуға кірісті. 92 пайызы қайта қалпына келтіруді талап етеді.

ДереккөзАстана
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда халық кезек күтпеуге мүмкіндік беретін сервистер енгізіледі

Елімізде азаматтар мен бизнес үшін бірқатар жаңа цифрлық сервисті іске қосу және «Электрондық үкіметтің» архитектурасын жаңғырту жоспарланып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 100 келіден аса героинді тәркіледі

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ішкі істер министірлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті.

Елден жанармайды 20 литрлік канистрмен шығаруға тыйым салынды

2023 жылғы 20 қаңтарда Энергетика министрлігінің «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы шыққан. Бұйрықта жанармайды елден 20 литрлік канистрмен шығаруға қатысты норма алынып тасталды.

TikTok-та Наурыз туралы видеороликтер 120 миллион рет қаралды

TikTok платформасы #Наурыз2023 онлайн-фестивалін қорытындылады. Шара платформа қауымдастығында айрықша назарда болып, хэштег бойынша контент 120 миллионнан аса рет қаралды. TikTok-тағы алғашқы онлайн-фестиваль мәдениет және...

Парламенттің алғашқы сессиясы 29 наурызда өтеді

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды. 

Кейінгі тәулікте 95 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 95 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.