Басты бетЖаңалықтарҚысқы Олимпиада-2018:...

Қысқы Олимпиада-2018: фристайлшы Юлия Галышева қола медаль алды

Юлия Галышева финалдық кезеңде 77.40 ұпай жинап, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Ол алғашқы финалдық кезеңде 75.10 балмен жетінші орынды алған еді. Екінші этапта  76.81 балмен алтыншы болды.

Үшінші финалдық кезеңде Юлия Галышева өзге бес қатысушымен, Анди Ноде, Жюстин Дюфуа-Лапуант (екеуі де Канадалық), Бриттни Кокс, Джакарой Энтони (екеуі де Австралиядан) және Перрен Лафонт (Франция) жүлделі орынға таласты.

Лафонт (78.65) Олимпиада чемпионы атанса, күміс жүлде Дюфуа-Лапуантке (78.56) бұйырды.

ДереккөзSports.kz