Басты бет Жаңалықтар Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысында жүргізілген арнайы шара барысында тәртіп сақшылары өлке аумағында аса ірі көлемде есірткінің ауыр түрлерін сақтап, сатумен айналысқан есірткі сатушы қылмыстық топты ұстады.

Жамбыл облысы ІІД-нің хабарлауынша, 9 сәуір күні жедел-іздеу шарасы барасында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 адамы қолға түсті. Олар көп уақыттан бері Шу қаласында екі орында ескірткінің ауыр түрін сақтап, сатып келген. Оларды тінту барысында 135 грамм героин, 700 грамм гашиш және 125 мың теңге ақша тәркіленді.

«Сонымен қатар, есірткі заттарынан бөлек есірткіге айырбастау үшін тұрғындардан ұрлаған мүлкітер де табылды», — делінген ІІД таратқан хабарламада.

Тергеу амалдары кезінде ірі есірткі тасымалдаушы Қордай ауданының тұрғынының аты-жөін нақтыланып, қолға түсті. Оны ұстау және тінту барысында салмағы 1 келіге жуық таратуға әзірленген герион тәркіленді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version